Ережеге 1- қосымша

 

Шарт жасау туралы ұсыныс (оферта)

 

Астана қ.                                                                  «___» ____________20___ ж.

 

Осы шарт (оферта) (бұдан әрі – Шарт) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-397 – баптарына сәйкес «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – ДББҰ) ________ жылдың _____________ ПӨО туралы Ережесі мен № ____ сенімхат бойынша әрекет етуші ДББҰ «Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы (бұдан әрі – ПӨО) директоры атынан төменде көрсетілген ұсыныстарды қабылдайтын Курс қатысушысымен (бұдан әрі – Тапсырыс беруші) course.cpi-nis.kz онлайн тіркелу порталында______________________________қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарын (бұдан әрі – Курстар) ұйымдастыру және өткізу туралы Шарт жасау ұсынысы болып табылады.

 

1.       Шарттың мәні

1.1 Осы Шарт бойынша ПӨО-ғы ақылы негізде Курсты өткізу қызметін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Тапсырыс беруші аталған Шарттың талаптарына сәйкес қызметтерді төлеуге міндетті.

1.2 ПӨО-ғы есеп айырысу шотына төлем түскен кезден бастап, Шарт жасалды деп есептеледі.

1.3 Тапсырыс берушіге электрондық почта арқылы қатысушы сертификаты ұсынылғаннан кейін, қызмет көрсетілген болып есептелінеді.  

2.      Шарт бағасы және төлем тәртібі

2.1 Осы Шарттың құны баға Прейскурантына сәйкес және Курстың ұзақтығына байланысты анықталады.

2.2 Курсқа қатысу төлемі осы Шарттың 9-тарауында көрсетілгендей, төлем белгілеуінде «қысқа мерзімді курс»  міндетті түрде көрсетіліп, ПӨО-ның есеп айырысу шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізіледі.

2.3 Курсқа қатысу төлемі тек қолма-қол ақшасыз аударым түрінде қабылданады. Барлық банк комиссиялары Тапсырыс берушінің өз есебінен төленеді. 

 

3.      Қызмет көрсету тәртібі

3.1.   Осы Шарттың талаптарына сәйкес, қызметтер ПӨО-ғы тарапынан толық көлемде  көрсетіледі.

3.2.   Қызметтер ПӨО-ның есеп айырысу шотына ақшалай қаражат түскеннен кейін көрсетіледі.

3.3.   Төлем жүргізілгеннен кейін Шарт жағдайларында көрсетілгендей, Шарт жасалған және ұсыныс қабылданған болып есептелінеді.

3.4.   ПӨО-ға қатысы жоқ (топтың жиналмауы, Курс өткізу орнының болмауы, Тапсырыс берушінің Курсқа қатысудан бас тартуы және т.б.) не/немесе форс-мажор жағдайларында ПӨО-ның қызметтерді көрсету мүмкіндігі болмағанда, сонымен қатар Тапсырыс беруші  Курсқа дәлелді себеппен келмегенде, ПӨО ақшалай қаражатты қолма - қол ақшасыз түрде Тапсырыс берушінің есеп айырысу шотына 15( он бес ) жұмыс күні ішінде Баға көрсеткішіне сәйкес жасалған төлем соммасынкері қайтарады. 

3.5.   Қатысушы Курсқа дәлелсіз себептерге байланысты  келмей қалған жағдайда, немесе Тапсырыс берушіКурсқа қатысудан бас тартатыны туралы Курс басталғанға дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен кем мерзімде хабардар еткен жағдайда, ПӨО-ғы тапсырыс берушінің төлемін қайтаруды іске асырмайды.  

 

4.       Тараптардың міндеттері

 

4 .1. ПӨО міндеттенеді:

4.1.1 Төлем жүргізілгеннен кейін, төленген Курсқа қатысуға мүмкіндік беруге;

4.1.2 Курстың өткізілу мерзімі өзгерген жағдайда, Тапсырыс берушімен  жаңа өткізу күнін Курс өткізуге дейін  5 (бес) жұмыс күнінен кеш емес мерзімде келіседі. Курсты өткізудің жаңа мерзімін cpi.nis.edu.kz мекенжайындағы ПӨО порталында жариялауға.  

4.1.3 Тапсырыс беруші туралы мәліметтерді үшінші тұлғаға бермеуге және жарияламауға; 

4.2.Тапсырыс беруші міндеттенеді:

4.2.1 Осы Шарттың талаптарына сәйкес Қызметтерді төлеуге;

4.2.2 Курсқа қатысудан бас тартқан жағдайда, электрондық почта арқылы Курсты өткізуге дейінгі 5 (бес) жұмыс күнінен бұрын ПӨО-ны ескертіп хабарлауға.

 

5.       Тараптар жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі

 

5.1 Тапсырыс беруші Курсқа қатысуға берген өтініміндегі мәліметтердің дұрыстығына толығымен жауап береді.

5.2 Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, осы Шарт бойынша қарсы тұруға болмайтын күш жағдайынан (форс-мажор) басқа міндеттемелерді орындамаған немесе лайықсыз орындаған жағдайларда, Тараптар жауапты болады.  

5.3 Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер мүмкіндігіне қарай Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

 

6.    Форс-мажор

 

6.2 Егер Шарт міндеттемелерінің орындалмауы форс-мажор жағдайының нәтижесі болып табылса, Тараптар оған жауапты болмайды.

6.3 «Форс-мажор» Тараптардың бақылауынан тыс төтенше сипаты бар оқиғаны білдіреді. Мұндай іс-шаралар: әскери әрекеттерді, табиғи немесе өзге де апаттарды қамтуы мүмкін.

 

7.       Басқа да жағдайлар

 

7.1 Шарт Тапсырыс берушінің осы Шартты қабылдаған кезінен бастап күшіне енеді және Тараптардың өзінің міндеттерін толық орындауына дейін жарамды.

7.2 ПӨО-ғы Тапсырыс берушінің келісімінсіз Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаны тартуға құқылы. 

7.3 Тапсырыс беруші сұрақтар туындаған жағдайда, 9-тарауда көрсетілген мекенжай бойынша ПӨО-ға жүгінуге құқылы.

 

8.       Қорытынды ережелер

 

8.1 Осы Шарт course.cpi-nis.kz мекенжайы бойынша онлайн тіркеу жүйесінде жарияланған және Тапсырыс берушімен шарт жасалған сәттен бастап күшіне енеді және Қызметтер көрсетілгенге дейін жарамды.  

 8.2 ПӨО-ғы осы Шарт жағдайларына өзгерістер енгізу немесе өз қалауы бойынша кез келген уақытта Шартты қайтарып алу құқығын өзіне қалдырады. Осы Шартқа енгізілген өзгертулер немесе Шартты қайтарып алу туралы ақпараттың күшіне енген күні Шарттың course.cpi-nis.kz мекенжайы бойынша онлайн тіркеу жүйесінде жарияланған күні болып есептелінеді.  

8.3 Осы Шарттағы талаптарды акцепт жолымен қабылдай отырып, Тапсырыс беруші Шартта көрсетілген барлық талаптармен келісетінін және Шартқа өз еркімен отырғанын растайды.

8.4 Осы Шарт бір данада жасалды және course.cpi-nis.kz мекенжайы бойынша онлайн тіркеу жүйесінде жарияланды.  

 

9.      ПӨО деректемелері

 

Курсқа қатысуға арналған төлем үшін банк деректемелері:

 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының

«Педагогикалық өлшеулер орталығы» филиалы

БСН:                         120141020384

Заңды мекенжайы:  Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 үй

Нақты мекенжайы: Астана қ., 31 көшесі, 37А үй

Тел:   8 7172 235760

Эл.адрес:  seminar.support@cpi.nis.edu.kz

Банк деректемелері:________________________________________________

Банк:        « Қазақстан Халық Банкі »  АҚ

ЖСК:    166 010 111 000320729

БСК: HSBKKZKX

КБе:  18